«Атырау» — «Тобол» 0:0

 ҚПЛ 2 турындағы кейінге шегерілген"Тобол"-"Атырау" кездесуі "Мұнайшы" стадионында өтті.

 

Айта кетейік, мачтқа атақты боксшы Г.Головкин қатысты. Асхат Абданбаевтың ысқырығы естілісімен атыраулықтар шабуылға лап қойды. Румын Куртян, Аржанов пен бізге жақсы таныс Дамчевскилер белсенді. 6 минутта "Тобол" алғашқы соққысын бағыттады.Осы ойындағы капитан Т.Шимковичтан пас алған Т.Досмағамбетов қақпаға тура соққы бағыттады. Соққы сәл әлсіз болғандықтан қақпашы Ж.Нарзикулов тырп еткізбей ұстап алды. Іле-шала Шимкович қауіпті айып добын жасады. Қақпашы өз орнында. 14 минутта "Атырау" қапитаны Эссаме орта тұстан пас асырды. Допқа украиндық футболшы Шарпар бірінші жетіп, соққы бағыттады. Бірақ, В.Логиновский қайырып жіберді. Осыдан соң Шарпар мен Аржанов жұбы "Тобол" ойыншыларын біраз мазалады.

 

"Тобол" қарымта шабуыл ұйымдастырды. Алдымен, Р.Джалилов берген пасқа Шамиль Асильдаров үлгірмей қалды. Ал ойындағы есеп ашатын мүмкіндікті тағы да С.Эссаме жасады. Ол Шабалинге тамаша пас шығарған, соңғысы қақпаға 2 метр жерден қиыс тепті. 41 минутта А.Мулдаров тобылдық Р.Джалиловты шалып жығып, "сары қағазға" ие болды. 

 

Екінші таймда орталық қорғаушы Ф.Кассай жарақатына байланысты алаңға шықпады. Оның орнына жаңа ойыншы Марк Гурман ауысты. Екі команда екінші бөлікте қорғанысқа аса мән бере шыққан секілді. Реті келгенде қарымта шабуылдарға иек артты қос ұжым. "Тобол" сапынан Ч.Дяк матчқа қосылды. 62 минутта "Атырау" аяқлопшысы П.Шабалин айып алаңына ене бере қатты теуіп көрген еді, дегенмен былғары бұйым аспанға ұшты. Төрт минуттан соң тобылдық Т.Шимкович есеп ашуға шақ қалды. Оның жойқын соққысын Ж.Нарзикулов бұрыш добына шығарып жіберді. Тыңнан шыққан Ч.Дяк оң қапталда белсеніп отырды."Атыраудың" македониялық қорғаушысы Дамчевски алыстан шірене тартқан, қостанайлықтарға абырой болғанда сәл қиыс кетті.

 

 

Ал 79 минутта Т.Досмағамбетов "Тоболды" алға шығарар еді. Ол Т.Шимковичтің тамаша пасынан соң қақпашымен бетпе-бет қалған. Тимур мүмкіндікті мүлт жіберді. Әттең! Бұл Омари Тетрадзеге ұнамаса керек, оны ауыстырып жіберді. Оның орнына алаңға Н.Жұмасқалиевті жіберді. Келесі сәтте қақпашы Нарзикулов тағы да ерлік көрсетті. Ол Дяктің айналдырып тепкен добын қайтара алды. 86 минутта атыраулық Коробкин де өз командасына қуаныш сыйлар еді. Алайда, тағы да қиыс соққы. Тоқсан минут түгесіліп, төреші қосқан 3 минутта "Тобол" жеңісті жұлып әкетер еді. Н.Жұмасқалиев асырған допқа бірінші жеткен Ш.асильдаровтың соққысын "Атырау" қақпашысы тағы да қайтарып жіберді.

 

 

Осылайша, ойын тең аяқталды. Келесі ойын Қостанайда 3 шілде күні өтеді. 

 

 

 





"Тобол" ФК баспасөз қызметі



  • Олег Лотов: «Будем двигаться дальше и работать над ошибками»
  • Тобол М – Жетысу М: фоторепортаж
  • Малый, Тагыберген, Марочкин — в сборной тура
  • Григорий Бабаян: «Доволен тем, как сработали замены»
  • Тобол – Атырау: фотоотчет
  • C «Атырау» – без Жарынбетова
  • Следующий соперник – «Атырау»
  • Завершая круг
  • Самат Жарынбетов: «Стараюсь принести как можно больше пользы «Тоболу»
  • Турнир девушек