OLIMPBET-Чемпионаттың күнтізбесіндегі өзгерістер туралы ақпарат

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының Әкімшілігі «Тобыл» футбол клубының тарапынан келген өтінішті қарастырып, «Тараз» футбол клубының келісімімен, Қазақстан Республикасының OLIMPBET-Чемпионаты 25-турының «Тобыл» – «Тараз» ойынының өтетін күнін 2022 жылдың 29 қазанынан 21 тамызына және сәйкесінше 13-ші турдың ойыны «Тараз» – «Тобыл» кездесуін 2022 жылдың 21 тамызынан 29 қазанына ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Маусым 2, 2022