«Тобыл Ж» бас бапкері «Мақтааралға» қарсы матчтан соң пікірімен бөлісті:

– Біз қандай матч өткізетінімізді білдік, уақыттың көп бөлігін қорғаныста өткізуге тура келетінін де түсіндік. Бір апта ішінде үшінші кездесуге шығып отырмыз, олардың біріншісін алдыкүні ғана ойнадық, қалған екі матч премьер-лига командаларымен өтті.

Жігіттерге өкпе жоқ, олар тәртіпті, жүйелі ойнады, шаршағандарына қарамастан, лайықты ойын көрсетті. Әр ойын сайын біз сенімділік қосып келеміз.

Тамыз 1, 2022