Ертең Olimpbet-Чемпионаттың 22 туры аясында «Тобыл» «Ақсумен» кездеседі.
Біздің жанкүйерлеріміз Павлодардағы «Орталық» стадионның «8» секторына келіп, командаға қолдау білдіре алады.
Қостанайлықтардың барлық жанкүйерін осынау маңызды ойынға шақырамыз.
Жанкүйерлерді орналастыру мәселесімен қоғаммен байланыс жөніндегі маман Алмат Тұрсымбетов айналысады. Байланыс телефоны: + 7777 261 00 99 (WhatsApp).
Матч 18:00-де басталады.