Сербиялық маман қостанайлық клубтың бас бапкері лауазымына тағайындалды.
Милич Чурчич 1981 жылы 26 қаңтарда дүниеге келген. Милич бапкерлік мансабын 2013 жылы «Атырауда» бастаған. жылдардың ортасында бастады. Содан кейін Кувейттің «Әл-Джахра» клубында, Ливия құрамасында, Сербияның «Пролетер» және Иранның «Зоб Ахан» клубтарында жұмыс істеді. Өткен маусымды Чурчич «Шахтер» (Солигорск) командасының бас бапкері міндетін атқарушы ретінде аяқтады. Оның басшылығымен «Шахтер» қатарынан үшінші рет Беларусь чемпионы атанды.
Жаңа бас бапкерге Иван Евич көмектеседі, ол бұған дейін Сербия жастар құрамаларында жұмыс істеген. Сондай-ақ штабта қақпашылар жаттықтырушысы Евгений Набойченко мен дене дайындығы жаттықтырушысы Евгений Антонов жұмысын жалғастырады.