Мың алғыс, Алекса!
«Сары-жасылдардың» қорғаушысы Алекса Аманович клубтан кетті.
Футболшы «Тобыл» құрамын 2020 жылдың басында толықтырды. Алекса сол жылдың наурыз айында «Шахтерге» қарсы дебюттік ойынын өткізді. Жалпы қостанайлықтар сапында 83 ойында алаңға шығып, 4 гол соқты.«Тобылмен» бірге ол чемпионаттың алтын медалін жеңіп, Суперкубоктің екі мәрте иегері атанды.
«Тобыл» футбол клубы Алексаға бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы мансабында табыс тілейді.