«Сары-жасылдардың» жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген клубтан кетті.

Футболшы келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты басқа командаға ауысады. Былтыр Асекең команданың нағыз үздік ойыншысы болды. Жартылай қорғаушының шебер іс-қимылдары арқылы сары-жасылдардың ойыны жүрді, ал оның алыстан бағыттайтын соққылар бөлек әңгіме. Жалпы қостанайлықтар сапында 76 матчта алаңға шығып, 16 гол соқты.«Тобылмен» бірге ол чемпионаттың екі медалін жеңіп, Olimpbet-Суперкубоктің екі мәрте иегері атанды.

«Тобыл» футбол клубы Асхатқа бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы мансабында табыс тілейді.

Қаңтар 23, 2023