Aladop парақшасы қостанайлықтардың жаңа ойыншысы Рамазан Оразов туралы сөз  қозғайды

Рамазан Оразов – бұл есім қазақ футболын білетін әр жанкүйерге, әр жеткіншекке, әр журналистке таңсық емес.
Қазақстан құрамасының соңғы екі жылдағы жетістіктеріне тікелей қатысы бар талантты аяқ доп шебері кім деп сұраса, екінің бірі осы Рамазанның есімін айтар еді. Футболды сүйіп көретін жас жеткіншектер осы Оразов секілді ұлттық құрамада доп теуіп көрерменнің ықыласына бөленуді армандайды. Ұлттық құрама әрине маңызды,бірақ бір әттеген-айы осы клубқа келгенде Оразовтың көрсеткен ойыны өзгере кетеді, бұл жерде неше түрлі себептер болуы мүмкін, клуб басшылығынан бастап бапкердің тактикасына дейін. Алматылық “Қайрат” клубының түлегінің жолын қарасаңыз ешбір клубта бір маусымнан артық өнер көрсетпеген, тіпті Латвияның ортаңқол командасына да барып толыққанды өнер көрсетіп үлгермеген.

Осыған дейін “Қайрат”, “Даугавпилс”, “Чайка”, “Ақтөбе” клубтарында өнер көрсеткен Оразов тек “Ақтөбе” клубында ғана өткен маусымды толық өткізіп, 26 ойынның 22-сіне қатысып, тек 6 ойында ғана толыққанды 90 минут алаңда ойнаған. Осы маусымды Павлодарлық “Ақсу” сапында бастаған Рамазан, 5 ойында 4 рет жеңілістің ащы дәмін сезген, оған қоса Руслан Костышин соңғы берген сұхбатында ойыншылармен тіл табыса алмай жүргенін алға тартқан болатын. Рамазанды соңғы 3 ойынды алып қосқанда небәрі 110 минутқа алаңға шығарған, бұл ұлттық құрама ойыншысы үшін аз ойын көрсеткіші болып есептелінеді.
Павлодарлық ұжым биылғы маусымда осы ойындардан кейін үздіктер құрамына енуі екіталай екенін аңғартқан секілді, сол себепті Оразов өз назарын Еуропа конференция лигасының іріктеу кезеңінің қатысушысы “Тобыл” клубына ауысу дұрыс
деп шешкен секілді, бір жағынан, бұл шешімге бапкерлік факторда өз әсерін тигізді.

Милич Чурчич баптаған Қостанайлық ұжым өз ойындарымен жақсы әсер қалдыруда, құрамындағы легионерлердің сапасының әлсіреуін ұжымдық қысыммен (коллективный прессинг) өтеді, бұл бапкерге “Шахтер” Солигорск командасында өте жоғары баға берді. Рамазанға да керегі негізі осындай ойын, көп жүгірумен қоса өзінің жеке бас шеберлігін шыңдау осы орайда командада тәжірибиелі Серікжанның көмегі де тиетіні анық.

Демек, бұл трансфер Рамазанға өзін жаңа қырынан көрсету үшін беріліп отырған мүмкіндік деп айтсақ қателеспейміз.
Әрі қарай ойын алаңы көрсетеді, біз ұлттық құраманың ойыншысын қолдай отырып, тек сәттілік тілейміз.

Қазбек Тайланов  

Сәуір 13, 2023