«Тобыл» – «Ордабасы» матчының билеттері сатылымда

Құрметті жанкүйерлер,
осы жексенбі күні сағат 18:00-де Қостанайдың «Тобылы» мен Шымкенттің «Ордабасы» командалары кездеседі.

Назар аударыңыз: «Орталық» стадионының аумағында жөндеу және коммуникациялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты матч «Тобыл Арена» манежінде өтеді.

Жөндеу жұмыстары 25 мамырға дейін аяқталады. Осыдан кейін команда мен жанкүйерлер «Орталық» стадионға қайта оралады.

Билеттерді клубтың ресми сайты арқылы сатып ала аласыз: fctobol.kz.

Командамызды қолдауға асығыңыз!

Мамыр 15, 2025