Қостанай клубының шабуылдаушы тандемі маусымды «Гол+Пас» жүйесі бойынша бірдей нәтижемен аяқтады: Чесноков та, Мессауди де 13 нәтижелі балл жинады.

Өткен маусымда Ислам Чесноков чемпионатта 25 матч өткізіп, 9 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.
Ахмед Эль Мессауди де маусымды 13 ұпаймен аяқтады: оның еншісінде 7 гол және 6 ассист.

Үздік үштікті «Тобол» шабуылшысы Николай Сигневич түйіндейді. Ол 17 матчта 8 гол соғып, 2 голға пас берген.
Ал Александр Зуев 5 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.

Үздік бестікке Марко Вукчевич пен Жаслан Жұмашев та енді — екеуі де 4 гол және 2 нәтижелі паспен маусымды аяқтады.

Қараша 25, 2025