«Қайсар» қарсы тұрмақ

Футболдан Қазақстан біріншілігінің 15-туры аясында қостанайлық «Тобыл» өз алаңында қызылордалық «Қайсармен» кездеседі.

Бұл екі команда ҚПЛ 5-турында Қызылордада ойнаған. Сол матчта тең есеп тіркелді. 2016 жылғы маусымда Бірінші лигада өнер көрсеткен «Қайсар» бұл маусымда Премьер-Лигаға қайта оралды. Бұл ретте жергілікті маман Сұлтан Әбілдаевтің еңбегін атай кету керек. Әрине, қызылордалық ұжым Қазақстан чемпионатындағы белді клубтардың бірі. Ол атағын биыл да түсірмек емес. Себебі, Стоичко Младенов шәкірттері қазірдің өзінде турнир кестесінің алтыншы сатысына нық жайғасқан. «Тобылды» өкшелеп келе жатқан команда осы «Қайсар».

КСРО чемпионатына Қызылорданың командасы ең алғаш 1968 жылы қатысты. Ол кезде команда «Кызыл-Орда» деп аталатын. Артынша атауын «Волна» деп өзгертсе, көп ұзамай «Автомобилист» атанды. Кейін қызылордалық команда КСРО чемпионаттарында «Орбита», «Мелиоратор» және «Кайсар» деген атаулармен өнер көрсетті.
Жалпы, клуб КСРО чемпионаттарында әр жылдары әркелкі нәтижелер көрсетті. Ал 1991 жылы КСРО біріншіліктеріндегі ең жоғарғы жетістігіне қол жеткізіп, Виктор Григорьевич Веретновтың жаттықтыруымен команда өз аймағында үздік төрттіктен көрінді.
Кеңестік чемпионаттарда Сыр өңірінің командасы барлығы 858 ойын өткізіпті. Оның 304-ін жеңіспен аяқтаса, 184-інде тең түсіп, 370 кездесуде жеңіліп қалған. Доп айырмашылығы — 1013:1126.
Ал Қазақстан чемпионатында «Қайсар» барлығы 22 маусым өткізді. Оның 17 маусымында команда ел біріншілігінің ең жоғарғы дивизионында (Жоғарғы лига, Суперлига, Премьер-лига) өнер көрсеткен. 1998/99 жылғы футбол маусымында ел кубогын жеңіп алса, 2008 жылы Қазақстан Премьер-лигасында 4-орынды иемденген. Бүгінде команда өз алаңындағы ойындарын Қызылорданың Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионында өткізіп жүр. Стадион 1968 жылы салынған. Алаң көлемі – 105х68 м.

«Қайсар» осы жылғы маусымды жақсы бастады. Бастапқы турларда ұпай жоғалтпаған олар соңғы уақытта турнир кестесінде төмен сырғыды. Жалпы, құрамға келер болсақ, қақпаны Марсель Исламкулов күзетеді. Оны алмастыратын тәжірибелі Цирин мен Григоренко бар. Ал қорғаныста Алексей Мулдаров пен Дмитрий Евстигнеев бастаған жігіттер тұрады. Иван Граф та сол маңда. Ал жақында жартылай қорғаушы Джон Банколе Камара Сьерра-Леоне Ұлттық құрамасына шақырту алды. «Қайсар» жартылай қорғаушысы — командасының серкелері. Өткен ойында алматылық «Қайрат» қақпасына гол соққан Маттиас Курьор, дәл пас берудің шебері Владимир Аржанов, команда капитаны Мақсат Байжанов, танымал легионер Саид Нтибазонкиза үнемі алаң ортасында жүреді. Шабуыл шебінде — Стефан Николич пен Елжас Алтынбеков.

Жалпы «Тобыл» мен «Қайсар» өзара 38 рет кездесті. 20 рет қостанайлықтар жеңіске жетсе, 6 рет Сыр елінің пайдасына аяқталған. 12 ойын тең аяқталған. Доп айырмашылығы «Тобыл» пайдасына — 58:33. Екеуінің соңғы екі кездесуінде есеп ашылмаған. Олай болса, бұлардың арасындағы бәсеке қызық болғалы тұр.

«Тобыл» ФК баспасөз қызметі



  • Алекса Аманович: «Хотел бы извиниться перед болельщиками»
  • Послематчевый комментарий главного тренера
  • Тобол – Кайрат: обзор матча
  • «Тобол» – «Кайрат»: фотоотчет
  • C «Кайратом» — без Малого
  • #ТоболКайрат: трансляция
  • «Тобол» — «Кайрат»: судит Кызылбаев
  • Александр Мокин установил рекорд сезона
  • Джаба Канкава — в сборной тура
  • Роман Муртазаев: «Плохо, что потеряли очки»