Арыны қатты «Астана»

Қазақстан чемпионатының 11 турында «Тобыл» елордалық клубты қабылдайды

«Астана» футбол клубы 2009 жылдан бастап Қазақстан Премьер-Лигасында өнер көрсетеді. Олар өнер көрсететін «Астана Арена» — Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі ойын базасы. Стадионның сыйымдылығы 30 000 көрерменге арналған.Жылжымалы шатыр жүйесі бар әлемдегі алты кешеннің бірі — осы стадион. 2014 жылы Қазақстан Чемпионы, 2015 жылы Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы, 2015 жылы Қазақстан Чемпионы, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің қатысушысы, 2016 жылы Қазақстан Чемпионы деген атақтары және бар.
Олардың демеушісі «Самұрық-Қазына» АҚ — Қазақстан Республикасының мемлекеттік активтерін басқаратын, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және елдің экономикалық дамуына кері әсер етуі мүмкін әлемдік нарықтардағы өзгерістерді алдын ала ескерту үшін құрылған, үкімет бақылауындағы xолдинг. Сайттағы жаңалықтарға сенсек, «Астана» клубының басшылары ҚР Чемпионатының 2017 жылғы премьер-лига клубтарына арналған регламенттің 6.15 тармағына сәйкес логотипті өзгерту туралы шешім қабылдады.

«Астана» 2009 жылғы Қазақстан чемпионатының бірінші айналымын клуб Алматыда өткізді. Одан кейін клубтың базасы Астанаға көшті. Кейін «Локомотив» деп атауын өзгертті. Жалпы Қазақстан чемпионатында «Тобыл» мен «Астана» өзара 18 рет кездесті. 4 жеңісті тобылдықтар тойлатса, тағы 4 ойында тең тарқасса, «Астана» жеңісінің саны — 10. Доп айырмашылығы елордалықтардың пайдасына — 27-17. Естеріңізде болса, 2013 жылы «Затоболец» алаңында қостанайлықтар «Астананы» 5:1 есебімен ұтып кеткен еді. Әзірге «Тобыл» мақтанарлық көрсеткіш осы.

«Астананың» биыл бірнеше мықты легионерлермен толықты. Олардың арасында Иван Маевский мен Срджан Граховац бар. Дидар Жалмұқан мен Роман Мұртазаев та команданы өрге сүйреп жүр. «Астана» алдыңғы турда «Қайратпен» тең тарқасты. Сол ойыннан соң бас бапкер Станимир Стоилов: «Жаңадан келген ойыншылар өздерін көрсету үшін тырысып бақты. Мен өз командамнан, өз ойыншыларымнан бүгінгі көрсеткен ойындарынан да жақсы ойын көрсетулерін күтемін. Алдағы еурододалар маусымында лайықты нәтижеге жеткіміз келсе, әлі де ойынымызды жақсартуымыз керек. Өздерін көрсету үшін жаңадан қосылған ойыншыларға әлі де мүмкіндік береміз», — деді. Кездесудің үздік ойыншысы болып елордалық команданың қорғаушысы Марин Аничич атанды. Матчта босниялық қорғаушы жекелей талас-тартыстың барлығында үздік шықты. Тағы бір қорғаушы Игорь Шитов үздіктер қатарынан табылды. Сондай-ақ, Юрий Логвиненко да соңғы кездесулерде жаман ойнап жүрген жоқ. Шабуылда — Жуниор Кабананга. Оның шеберлігін қостанайлық жанкүйерлерге жақсы таныс.«Астана» қақпашысы Александр Мокин бір айдан астам уақыт қақпасына гол жіберген жоқ. Тек қана «Қайрат» футболшысы И.Қуат қана оның қақпасынан саңылау тапты.

Қазір «Астана» турнирлік кестенің 1 сатысында келеді. «Затоболец» стадионында өтетін ойында тобылдықтар қайткен күнде де ұпай алуы тиіс. Олай болса, өз командаңызға жанкүйер болыңыз!

«Тобыл» ФК баспасөз қызметі



  • Тобол – Кайрат: обзор матча
  • «Тобол» – «Кайрат»: фотоотчет
  • C «Кайратом» — без Малого
  • #ТоболКайрат: трансляция
  • «Тобол» — «Кайрат»: судит Кызылбаев
  • Александр Мокин установил рекорд сезона
  • Джаба Канкава — в сборной тура
  • Роман Муртазаев: «Плохо, что потеряли очки»
  • Григорий Бабаян: «Как всегда подвела реализация»
  • «Астана» — «Тобол»: обзор матча