«Тобыл» ФК футбол орталықтары кезекті тур ойындарын Семейдің жас футолшыларына қарсы ойнады.
Максим Чаусов баптайтын «Тобол-2006» семейліктерге қарсы тең ойнады. Есеп – 0:0.
Ал «Тобол-2005» жастары «Семей-2006» ойыншыларын 0:1 есебімен ұтты. Бұл ойында Алдияр Баймұханов гол соқты.
Виталий Старновский баптайтын «Тобол-2004» 0:2 есебімен жеңіске жетті. Матвей Цой мен Бекзат Нұрланов көзге түсті.
Бүгін «Тобол-2003» тобы қарсыластарын 0:3 есебімен тас-талқан етті. Гол соққандар: Бекзат Мінайдаров, Тимур Игубаев, Максим Свинцицкий.
«Тобыл» ФК баспасөз қызметі