Екі жеңіс, бір жеңіліс

Футбол орталықтары мен академиялары арасындағы ҚР Біріншілігі 1-туры аясында «Тобыл» ФК 2000, 2001,2002 ж.т жасөспірімдер командалары ойындарын өткізді. 

Алдымен, Юрий Иванов жаттықтыратын «Тобыл-2002» «Шахтер-2002» ұжымынан ұтылды. Есеп – 1:2. 3-минутта пенальтиден «Шахтер» ойыншылары есеп ашса, 8-минутта қостанайлық Дубровин 11 метрден мүлт кетпеді. Ал ойынның аяқталуына 8 минут қалғанда «кеншілер» жеңісті жұлып әкетті.

Дмитрий Лакамовтың «Тобыл-2001» жастары Талдықорғанда «Қайсар-2001» командасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Бұл кездесуде Жүргенов бір гол, Ермекбаев екі мәрте мергендігімен танылды. 

Вячеслав Попырко жаттықтыратын «Тобол-2000» құрамасы Шымкентте «Шахтерді» жеңді. 
— Бұл ойын тартысты өтті. Қарсыластар мығым дайындалған. Ойын соңына таман қорғаушы Ілияс Әлмұхамедов жеңіс сыйлады. Ол бұрыштама добына бірінші жетіп, гол соқты. Ендігі ойын 18 сәуірде өтеді, — деді «Тобыл-2000» бапкері Александр Горналев.

 

«Тобыл» ФК баспасөз қызметі


  • «Тобол» — «Актобе»: видеообзор матча
  • Владимир Никитенко: Мы должны играть качественно в обороне, мы пропускаем контратаки
  • Владимир Муханов: Пизелли сыграл выше всяких похвал, команда ему помогла
  • «Тобол» — «Актобе» 2:3
  • «Тобол» — «Актобе»: фотоотчет
  • Балғындар барын салды
  • «Актобе» несгибаемый
  • Сообщение администрации Центрального стадиона
  • Официально: Изменены даты проведения трех матчей Чемпионата Казахстана 
  • Жасыл алаңда – жастар