Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан…

«Тобылдың» 13 турдағы қарсыласы көкшелік «Оқжетпес» туралы аз-кем ақпар.

Еске салсақ, 2017 жылдың 18 наурызы күні Владимир Муханов баптайтын «Оқжетпес» тобылдықтарды «Астана-Аренада» қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Сол кезде «Тобылмен» ойнау қай кезде де қиынға түскен. Бүгін жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Енді осы жеңісті жеңсті ойындарға жалғайтын боламыз» деп ағынан жарылған бас бапкер бүгіндері командадан кеткен. Ресейлік маман көкшетаулық клубта екі жарым маусым жұмыс істеді. Оның жетекшілігінде «Оқжетпес» ҚПЛ-да өткен маусымда бесінші орын алып, Қазақстан чемпионатының тарихындағы үздік нәтижеге қол жеткізді. Жалпы, соңғы жаңалықтарға сенсек, команда басшылығы толықтай ауысқан. Осы аптада клубтың ресми сайты директорын ауыстырғандығын жариялады. Николай Паниннің орнына клуб директоры болып Юрий Бондаренко тағайындалыпты. Бұл басшы 2013-2015 жылдары осы клубты басқарып, бірінші лигада өнер көрсеткен . Биыл құрылғанына 60 жыл толып отырған «Оқжетпес» футбол клубының өкілдері жанкүйерлерімен кездесуінде жоғарғы орындардан көрінуге уәде берген-ді. Енді бас бапкердің міндетін атқарушы Виктор Семенов бұл уәдені іске асырып көрмек.
Жергілікті «Торпедо» футбол клубы 1957 жылы құрылды. Содан бері футбол жарыстарына қатысып келеді. 2004 жылы «Оқжетпес» футбол клубы деп атауын өзгертті. «Оқжетпес» ФК Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, 13 маусымды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига») өткізді.

Расын айту керек, «Оқжетпес» биылғы маусымда жоғары қарқындағы ойынын көрсете алар емес. Команда қоржынында небәрі 11 ұпай ғана бар. Биылғы маусымаралық үзілісте «Оқжетпес» құрамы өзгерді. Ойыншылардың орташа жасы – 26,5. Әсіресе, 23 жастағы Еркебұлан Нұрғалиев, Берік Шайхов, 22 жастағы Михаил Голубничий, Сергей Кейлер, 21 жасар Данил Цой, Нұрлан Даиров, және 20 жасар Максим Федин мен Демият Сламбеков команда құрамын толықтырды. Досмағамбетов, Недашковский, Юрин және Шаффтар қазіргі құрамның үздіктері саналады. Ал танымал легионер Лукас Хорваттың өнері де жанкүйер қауымға ұнап жүр. Алдыңғы ойындарда командасын өрге сүйреген оны келесі маусымда команда құрамында қалдыру қиынға соғатын секілді. Қазақстан жастар құрамасына бірнеше рет шақырту алған Әлібек Аяғановтың ойыны нашар дей алмайсыз. Статистика бойынша, көкшеліктер командасында қақпашысы әрі капитаны Саша Стаменкович жоғарғы рейтингте тұр. Білетіндердің айтуынша, қазіргі «Оқжетпесті» Сашасыз елестету мүмкін емес. Сергей Струков жайлы әңгіме алабөтен. Ол алдыңғы турда қарқыны қатты «Қайратқа» қарсы кездесуде қос голдың авторы атанды. Голдар және қандай дейсіз ғой? Алматылықтардың қақпасына соғылған бірінші голды аяғының ұшымен енгізссе, екінші гол кәнігі шабуылшыға тән стильмен қақпашыдан асыра салды. Премьер-Лигадағы 50-ші голын соққан шабуылшы қазір нағыз бабында. Қостанайлық қақпашы да мұны ескеретіні сөзсіз. Айтпақшы, Жасұлан Молдақараев та Қостанайға «Оқжетпес» арқылы өтті. Ол өзінің бұрынғы командасына қарсы ойнатын болады.

«Тобыл» мен «Оқжетпес» екеуара 40 рет кездескен, қостанайлықтар 24 ойында жеңіске жетсе, 8 кездесуде «Оқжетпес» футболшыларының мерейі үстем болды. Ал тағы 8 матч тең аяқталды. Доп айырмашылығы Тобыл жағалауы жігіттерінің пайдасына 68-30. Жалпы «Оқжетпестің» ең ірі жеңісі (Қазақстан чемпионаты) 1992 жылы 5:0 «ЦСКА» командасына қарсы кездесуде тіркелді. Ең ірі жеңілісі 2007 жылы 1:10 есебімен осы «Тобылдан» болды. Тағы бір деректерге сенер болсақ, «Оқжетпес» соңғы үш ойында қостанайлықтардан жеңілмеген. Алаң иелері бұл көрсеткішті өзгерте ала ма? Бұл — Омари Тетрадзе шәкірттерінің қазіргі бас ауыртар сұрағы.

«Тобыл» ФК баспасөз қызметі



  • «Тобол» — «Тараз»: судит Сариев
  • Малый, Канкава и Мужиков — в сборной тура
  • Николай Панин: «Получили только резолютивную часть решения по делу Кассая»
  • Султан Абилгазы: «Нужно продолжать упорно работать»
  • Григорий Бабаян: «Ни в коем случае нельзя расслабляться»
  • «Окжетпес» — «Тобол»: видео
  • Окжетпес – Тобол: фотоотчет матча
  • C «Окжетпесом» — без Амановича
  • Наши в сборных: повышение в классе
  • Наши в сборных: закончили на третьем