«Тобол-2003» Қостанайдағы кезекті үш ұпайына қол жеткізді
Владимир Гаркуша баптайтын 2003 жылғылар «Каспий» қақпасына үш гол енгізді. Ойын әдеткідей «Жастар» стадионында өтті. Кездесу басында команда капитаны Әли Әбдібек шабуылшы Дементьев Егордың гол соғуына мүмкіндік жасады. Ол оң жақ қапталдан берілген пасты баспен соқты. Мұнан соң қорғаушы Максим Свинцицкий көзге түссе, артынша Илья Тихонов үшінші голдың авторы атанды.
«Тобыл» ФК баспасөз қызметі