Келесі қарсылас — «кеншілер»

ҚР Премьер-Лигасының 17 турында қостанайдың «Тобылы» қарағандылық «Шахтерді» қабылдайды. Олай болса, «кеншілер» туралы аз-кем ақпарды ұсынамыз.
Аталған командалар биылғы маусымда осымен ҚПЛ 7-турында кездесіп, тең тарқасқан болатын. Кейін кубоктық бәсекенің 1/8 финалында «Тобылды» жарыстан шығарған да осы «Шахтер».
Қазақстан чемпионатының 16 турында «Шахтер» өз алаңында «Атырауды» қабылдады. Осы ойында команданың бас мергені Марко Станоевич дубль авторы атанды. Ол Sports.kz интернет-порталының деректемесіне сүйенсек, турдағы үздік ойыншылардың бірі. Сондай-ақ, Дидье Борис Кадио да осы тізімде бар. Команда бас бапкерінің міндетін атқарушы Андрей Финонченко «Шахтердің» чемпионаттағы қадамының нық екенін айтты. Ендеше, «Затоболец» алаңында өтетін қарымта матчтың қызық болары сөзсіз.

Қарағандылық «Шахтер» шеберлер командасы ретінде өзінің ресми тарихын 1958 жылдан бастады, алайда кеншілердің футбол ұжымы әлдеқайда ерте құрылған. Қарағандылық футболшыларға алғашқы табыс 1961 жылы келді. «Шахтер» «Қайраттың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Владимир Котляровтың жетекшілігімен «Б» класындағы аймақтық турнирде 16 команданың ішінде мәреге екінші болып жетті, ал келесі маусымда «А» класында ойнау құқығына ие болды. Команда тарихындағы айтулы оқиғаның бірі ретінде Қарағандыға 1965 жылы ел чемпионы мәскеулік «Торпедоның» КСРО Кубогы сынының 1/16 финалдық ойынына келуін айтуға болады. Сол кезде «Шахтер» стадионында көрермен саны бойынша рекорд жасалды: «кеншілер» 1:0 есебімен жеңген бұл матчты 35 мың жанкүйер тамашалаған болатын. Команданың бүкіл тарихында ең үздік сұрмерген болған Николай Игембердиев: шабуылшы КСРО чемпионаттарында 182 гол соқты.

2006 жылы «Шахтердің» орталық стадионы УЕФА лицензиясын алды. Қазақстан чемпионатының «алтын» жүлдесі (2011, 2012), Қазақстан Кубогы (2013), Қазақстан Суперкубогы (2013) иегері деген атақтары бар. Соңғы жылдары «Шахтер» Қарағанды футбол мектебінің түлектеріне үлкен сенім артады. Тіпті, қазіргі «Тобыл» намысын қорғап жүрген Сергей Малый мен Тоқтар Жаңғылышбай – «Шахтер» түлегі.

Команданың қазіргі құрамына тоқталсақ, «сен тұр, мен атайындардың » тізіміне Игорь Шацкий, Сергей Скорых, Штэфан Зошак, Кореде Айегбуси мен Дәуренбек Тәжімбетовтерді қосуға болады. Бұрынғы қостанайлық ойыншы Иван Садовничий бастаған қорғаушылар да осал емес. Дегенмен, олар әзірге турнир кестесінің соңғы жағында тұр. Маусым жаңа басталды, бәлкім Қарағанды көшесіндегі жеңіс тойлары әлі де бола жатар деп ойлаймыз.

Жалпы, «Тобыл» мен «Шахтер» өзара 58 матч ойнаса, 24 рет қостанайлықтар жеңіске жетсе, 23 ойында «кеншілер» ұтқан. 11 кездесу тең аяқталған. Командалар арасында «Тобылдың» ең ірі жеңісі 4:0 есебі 2004 жылы тіркелген. Доп айырмашылығы ертеңгі алаң иелерінің пайдасына 71:67.

«Тобыл» ФК баспасөз қызметі



  • Ордабасы-Тобол: обзор матча
  • Ордабасы-Тобол: фото
  • Ордабасы – Тобол: лайв
  • День в истории: битва с «Кайратом»
  • «Ордабасы» — «Тобол»: судит Кучин
  • Алекса Аманович: «Хотел бы извиниться перед болельщиками»
  • Послематчевый комментарий главного тренера
  • Тобол – Кайрат: обзор матча
  • «Тобол» – «Кайрат»: фотоотчет
  • C «Кайратом» — без Малого