Милан Миланович – «Тобылдың» бас бапкері

Сербиялық маман қостанайлық клубтың бас бапкері лауазымына тағайындалды.

Милан Миланович 1963 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Белградтың «Чукарички», Германияның «Аугсбург» клубтарында доп тепкен.
Миланович бапкерлік мансабын 90-шы жылдардың ортасында бастады, Фарер аралдарының «ВБ Вагур» және «Тверойри» командаларын жаттықтырды. 2009 жылы Босния және Герцеговинаның «Лакташи» клубын басқарды, 2011 жылы «Шерифте» бас бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеді, 2012 жылдың 29 мамырында команданың бас бапкері болып тағайындалды. 2012 жылдың қыркүйегінде «Хайдук»(Сербия) клубымен келісім-шартқа қол қойды. Содан кейін «Нови-Пазар», «ОФК», «Раднички» және «Рада» сияқты серб командаларында жұмыс істеді. 2019 жылы «Ertis» ұжымына бас бапкер болып келді. 2021 жылы Арменияның «Алашкерт» командасымен келісім-шарт жасасты.

Қош келдіңіз, Милан!

Мамыр 20, 2022