
Үзіліс
Қостанайлық клубтың негізгі құрамы бір апта демалысқа шықты.
«Мақтааралмен» өткен ойыннан соң «Тобыл» футболшылары қысқа мерзімді демалысқа шықты. Жаттығу жұмыстары 30 мамырда жалғасады. Кейін командаға ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылар қосылады.
Еске салсақ, ел құрамасы Ұлттар лигасында төрт ойын өткізеді. Қарсыластар: Әзірбайжан, Словакия және Белоруссия.