«Сары-жасылдардың» қорғаушысы Дмитрий Мирошниченко клубтан кетті.

Тараптар екіжақты келісім бойынша еңбек шартын үзді. Футболшы «Тобыл» құрамын 2016 жылдың басында толықтырды. Қорғаушы сол жылдың наурыз айында «Ақжайыққа» қарсы дебюттік ойынын өткізді. Жалпы қостанайлықтар сапында 145 ойында алаңға шығып, жеті гол соқты. Қостанайлық ұжым сапында ол чемпионаттың үш медалін жеңіп, Суперкубоктің екі мәрте иегері атанды.

«Тобыл» футбол клубы Дмитрийге бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы мансабында табыс тілейді.

Маусым 9, 2022