«Тобыл» футбол клубы 24 жастағы қақпашымен келісім-шартқа отырды.

Тимур Акмурзин Қостанайда маусым соңына дейін өнер көрсетеді. Тимурдың алғашқы клубы – «Локомотив». Осыдан кейін ол мансабын Қазанның «Рубин» клубында жалғастырды. Жастар біріншілігінде «Рубин» сапында 72 матч өткізді.

Акмурзин 2019 жылы «Спартакқа» ауысты. Өткен үш маусымды аталған клуб сапында Ресейдің екінші дивизионында өткізді.

Туған күні: 7 желтоқсан 1997
Бойы: 189 см
Салмағы: 80 келі
Азаматтығы: Ресей

Маусым 23, 2022