«Тобыл» футбол клубы сербиялық ойыншымен бір жарым жылдық келісім-шартқа қол қойды.

Мильян 1992 жылы 27 желтоқсанда Белградта дүниеге келген. Ол мансабын туған қаласындағы «Хайдукте» бастады. Содан кейін Вукадинович Чехияға көшіп, «МАС Таборо», «Млада Болеслав» және «Славия Прага» клубтарында доп тепті. Кейін ол Сербияға оралып, 2018 жылдың қаңтарында «Земун» командасына қосылды. 14 жылдың 2020 қаңтарында «Напредактан» Суперлиганың басқа клубы – Воеводинаға ауысты.

Мильян Сербия құрамасы сапында екі жолдастық матч өткізді.

 

Шілде 2, 2022