
«Тобылдың» бас бапкері Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы «Ференцварошқа» қарсы өтетін матч алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді.
– Бірінші ойында «Ференцварош» әлдебір тосынсый жасай алды ма?
– Бүгінгі күні қарсылас тарапынан қандай да тосынсый бар деп айта алмаймын. Біз өткен ойыннан дұрыс қорытынды жасап, алдағы кездесуге дайындаламыз.
– «Тобылдың» келесі кезеңге өтуге мүмкіндіктері қандай?
– Бірінші таймды біз 0:0 есебімен тең ойнадық, енді екінші тайм Венгрияда өтеді. Сол себепті екі команданың мүмкіндігін 50 де 50 дер едім. Біздің әрі қарай өтуге мүмкіндігіміз бар. Турасын айтайық: егер алғашқы 20-30 минутта біз қорғаныста сауатты ойнасақ, жеңіске жетуге жол ашылады.