«Тобыл» футбол клубы нигериялық жартылай қорғаушы Чиди Осучуквумен маусым соңына дейін келісім-шартқа отырды.

Чиди мансабын өз отанында «Гейтвей» және «Долфинс» клубтарында бастап, кейін Португалияның «Брага», Беларус елінің «Динамо» Брест пен «Рух» және ресейлік «Томь» командаларында өнер көрсетті.
Чиди осы жылдың ақпан айында «Ордабасыдан» «Тұранға» еркін агент ретінде ауысты.

Туған күні: 11 қазан 1993
Бойы: 178 см
Салмағы: 73 келі
Азаматтығы: Нигерия

Шілде 21, 2022