
«Тобыл Ж» бас бапкері Olimpbet-Кубоктің топтық кезеңі аясындағы «Ақтөбеге» қарсы өткен матч туралы пікірін айтты.
— Жастар жарады. Кей сәттерде лайықты мінез көрсете білдік, бірақ қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін бұл аздық етеді. Бірақ нәтижені ысырып тастайтын болсақ, біз мұндай ойындарда біршама өсеміз. Тактикалық жағынан жақсы ойнасақ, ол шәкірттеріміздің дамып келе жатқанын көрсетеді Ең бастысы – осы. Бұл тұрғыдан алғанда ойынның есебі екінші орынға ығысады.
Екінші лигадан бөлек, біз осымен кубоктегі бесінші ойынымызға шығып тұрмыз, прогресс бірден білінеді. Әрине, жеке шеберлік жағынан әлі де қосарымыз көп, допқа талас, қарсылас алдау жағынан жетіспей жатқаны бар. Жастарымыз Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсету үшін қандай деңгейдің қажет екенін түсінуі тиіс.