
«Тобылдың» шабуылшысы Игорь Сергеев Өзбекстанның ұлттық командасына шақырту алды.
Азия футбол конфедерациясының күнтізбесіне сәйкес, Өзбекстан құрамасы 18-28 қыркүйек аралығында Сеул қаласында(Оңтүстік Корея) оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. ОЖЖ аясында олар Камерун және Коста-Рика құрамаларына қарсы екі жолдастық матч өткізбек.