
«Тобыл» шабуылшысының «Ордабасыға» қарсы өткен ойыннан кейінгі пікірі:
– Жанкүйерлерге ұнайтын қызық әрі тартысты ойын болды деп ойлаймын. Алғашқы минуттарда сәл қобалжу болған шығар, бірақ бірден еңсе түзеп, ойынды өз қолымызға ала бастадық. Өткен турдағы сәтсіздеу матчтан кейін барымызды салып, жеңіске жетуге тырыстық. Біз бапкер тапсырмасын толығымен орындадық. Жігіттер жеңіске деген жігер танытты. Барша қостанайлықты жеңісімізбен құттықтаймын.