
«Тобыл» қақпашысы тізесіне сәтті ота жасады.
Қазіргі уақытта футболшы ота жасалған неміс ортопедиялық емханасында оңалту шараларынан өтіп жатыр.
Жақын арада Мокин Қостанайға оралады, ем-дом жұмыстары жалғасады.
«Тобыл» футбол клубының ұжымына, сондай-ақ жанкүйерлеріме алғысымды білдіргім келеді, сіздердің қолдауларыңыз мен үшін өте маңызды», – дейді «Дядя Саша».
Еске сала кетейік, «Тобылдың»«бірінші нөмірі» «Ордабасыға» қарсы матч кезінде ауыр жарақат алған-тын.