Ертең Olimpbet-Чемпионаттың 20 туры аясында «Тобыл» «Астанамен» кездеседі.

Ойында біздің жанкүйерлеріміз Нұр-Сұлтандағы «Астана Арена» стадионының S6 секторына келіп, командаға қолдау білдіре алады.

Қостанайлықтардың барлық жанкүйерін осынау маңызды ойынға шақырамыз.

Жанкүйерлерді орналастыру мәселесімен жанкүйерлермен жұмыс жөніндегі маман Марат Күзембаев айналысады. Байланыс телефоны: +7-707-669 0 259 (WhatsApp).

Матч 19:00-де басталады.

Қыркүйек 13, 2022