Күздің алғашқы айы «Тобыл» тарихына бірнеше маңызды маңызды оқиғаларды сыйға тартты.

2 қыркүйек 1984 жыл. Қостанайда алғашқы халықаралық матч өтті. Қостанайдың «Энергетик» клубы Лаос құрамасымен кездесіп, жеңіске жетті. Есеп – 5:1.

1972 жылдың 9 қыркүйегінде Қостанайда біздің клубтың аңызы Максим Низовцев дүниеге келді. Низовцев «Тобыл» сапында әр түрлі турнирлерде 158 матч өткізіп, 79 голдың авторы атанды. Ол «сары-жасылдармен» бірге Қазақстан чемпионатының күміс және қола жүлдегері атанды. Ұлттық құрама сапында 16 кездесуге шығып, 2 гол соқты.

1994 жылдың 11 қыркүйегі. Қостанайда клуб атауын ауыстыруға арналған баспасөз конференциясы өтті. Жиын барысында клубы «Тобол» деп атау туралы шешім қабылданды, 1995 жылға дейін қостанайлықтардың командасы «Химик» деп аталды.

1996 жыл, 13 қыркүйек. Қостанайлықтардың Қазақстан чемпионатында 200-ші голы соғылды. Допты «Тобыл» – «Целинник» кездесуінде белгілі қостанайлық футболшы Олег Малышев енгізді.

2009 жылғы 14 қыркүйек. Нұрбол Жұмасқалиев ішкі біріншілікте 300-ші матчын өткізді. Сол күні «сары-жасылдар» Атыраудың жігіттерін қабылдады.

2006 жыл, 24 қыркүйек. Қостанайлықтардың 600-ші голын Ұлықбек Бақаев соқты. Қарсылас – «Қайсар».

Қыркүйек 28, 2022