Әулиекөл ауданындағы ірі орман өрті өткен аумақта кезең-кезеңімен ағаш отырғызу басталды.
Ағаш отырғызуға «Тобыл» ФК қызметкерлері – спорт директоры Нұрбол Жұмасқалиев және жанкүйерлермен жұмыс жөніндегі маман Марат Күзембаев қатысты.
Бұған дейін БАҚ-та Аманақарағай ормандарында қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқаны хабарланған болатын. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің Instagram парақшасында атап өткендей, биыл Әулиекөл – Қостанай жолының бойында жасыл желек отырғызылады.
А. Мұхамбетов атап өткендей, әркім туған өлкесін көгалдандыруға өзінің баға жетпес үлесін қоса алады.