Қостанайлықтардың ойыншылары «Таразға» қарсы ойнамайды.

Сергей Малый жамбылдықтарға қарсы ескерту қағазының көптігіне байланысты алаңға шықпайды. Ол «Мақтааралмен» болған кездесуде маусымдағы төртінші сары қағазын алды. Қостанайлықтардың жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков өткен турда алаңнан қуылған еді.

Еске салайық, «Тобыл» – «Тараз» кездесуі 29 қазан күні сағат 17:00-де басталады.

Қазан 28, 2022