
Ресейдің Ишим қаласында шағын футболдан «Локомотив» халықаралық Кубогі өтті.
Жарыста 2015-2016 жылы туған жасөспірімдерден құралған он команда өнер көрсетті.
Жеңімпаз – бес ойынның бесеуінде жеңіске жеткен Қостанайдың «Тобыл 2015» ұжымы. Күмісті Омбының «Динамо-2» командасы алды. «Қола» Қостанайдан барған тағы бір жасақ – «Dream Footbal» қоржынында.
Турнирдің үздік ойыншысы болып «Динамо-2» өкілі Артур Стомболцян танылды. Қалған номинацияларда: қақпашы – Назар Исаев («Тобыл»), қорғаушы – Мирон Кондратьев («Динамо-2»), шабуылшы – Таир Әйтенов («Dream Footbal») және 11 гол соққан «сұрмерген» Нұрислам Әміржан («Тобыл») марапатталды.