
Instat агенттігі чемпионаттың статистикасын жариялады. Сары-жасылдардың үздік футболшыларын анықтау кезінде ойыншылардың іс-әрекеттерінің жалпы индексі ғана емес, сонымен қатар олардың алаңдағы негізгі көрсеткіштер ескерілді.
Сонымен, қорғаушы Сергей Малый InStat Index нұсқасы бойынша Қазақстан Olimpbet-чемпионатындағы «Тобылдың» үздік ойыншысы атанды. Орташа есеппен 32 жастағы «сары-жасыл» ойыншы 224 ұпай жинады. Айта кетейік, осы маусымда Сергей Малый 23 матч ойнады. Футболшының «қоржынында» 4 гол бар.
Екінші тұғырда – Жарко Томашевич. Оның нәтижесі – 223 ұпай. Осы маусымда Жарко «Тобыл» сапында 22 матч өткізіп, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас шығарды.
2022 жылғы «Тобылдың» үздік ойыншыларының үштігін Зоран Тошич пен Душан Йованчич қорытындылады. Көрсеткіштері – 218 ұпай.
Үздік бестікке Бағдат Қайыров (215) енді. Ол 20 матчта 1 нәтижелі пас берді.