
Жартылай қорғаушы клубпен қоштасып, жанкүйерлерге алғыс айтты:
— Бүгін мен «Тобыл» сапынан кеттім. Өткен жыл мен үшін ерекше болды. Қостанай қаласына да, командаға да өкпем жоқ. «Тобыл» құрамында ел біріншілігінің чемпионы атандым. Клуб басшылығы мен бапкерлер құрамына қолдаулары үшін, түсіністігі үшін алғыс айтқым келеді.
Командаға келген алғашқы күннен бастап маған қолдау білдірген жанкүйерлерге ризамын. Әріптестеріме, персоналға бірлескен жұмысымыз үшін мың алғыс!
Клубқа жаңа маусымда сәттілік, жаңа еурокубок турнирінде жеңіс тілеймін. Жарқын жеңістерге жетіңіздер! Алға, Қостанай!