
«Сары-жасылдардың» алғашқы оқу-жаттығу жиыны «Тобыл-Арена» манежінде өтеді.
Қостанайлықтардың келесі маусымға алғашқы дайындық шаралары 10-24 қаңтарға жоспарланған.
Жиынның бірінші бөлімі ойыншылардың функционалды дайындығына арналады деп жоспарлануда. Оқу-жаттығу жиынына келетін команда құрамы туралы қосымша хабарлаймыз.