
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және басқа да дереккөздерде «Тобыл» ФК ойыншысы Игорь Сергеевтің жалақысы жылына 300 мың долларды құрайтыны туралы хабарлама шықты.
«Тобыл» футбол клубы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді.
Сергеевтің нақты жалақысын жариялау еңбек шарты талаптарының құпиялылығына байланысты орынсыз деп санаймыз.
Тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз.