Орталық қорғаушы Жарко Томашевич тараптардың өзара келісімі бойынша қостанайлық клубтан кетті.
Жарко «Тобыл» құрамына 2022 жылдың басында қосылды. Ол сары-жасылдар сапында 28 матч ойнап, 2 гол соқты.
«Тобыл» футбол клубының ұжымы Томашевичке атқарған жұмысы үшін алғыс білдіреді және алдағы мансабында сәттілік тілейді.