
Жартылай қорғаушы Зоран Тошич келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Тобыл» құрамынан кетеді.
Тошич Қазақстандағы алғашқы матчын 2021 жылдың сәуір айында «Каспийге» қарсы өткізді. Жанкүйерлер жартылай қорғаушының әмбебап қимылдары және алаңдағы шығармашылық әрекеттері үшін ұнатты.
Қостанайлық ұжым құрамында Зоран 50 матч өткізіп, 11 гол мен 10 нәтижелі пастың авторы атанды. «Сары-жасылдармен» бірге ол Қазақстан чемпионы және Olimbet-Суперкубогі жеңімпазы атанды.
«Тобыл» футбол клубы Зоранға бірлесіп жұмыс істегені үшін алғыс білдіреді және одан әрі мансабында табыс тілейді.