«Тобыл» ФК команданың жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиковпен еңбек қатынасын ұзартты.
Серікжан Мужиков «Тобыл» сапында 2020 жылдың 7 наурызында «Шахтерге» қарсы ойында дебют жасады. Барлығы сары-жасылдар құрамында ол 64 матч өткізіп, 10 гол соқты. Өткен маусымда жартылай қорғаушы 10 нәтижелі іс-қимылымен көзге түсті.
Мужиковпен жаңа еңбек келісімі 2023 жылдың соңына дейін есептелген.