Шабуылшы Айбар Жақсылықов қостанайлық клубтан кетті.

Жақсылықов «Тобыл» сапындағы дебютін 2022 жылдың 2 наурызында «Қайратқа» қарсы Olimpbet-Қазақстан Суперкубогы матчында өткізді. Ойын аяқталар сәтте Айбар «Тобылдың» жеңіс голын соғып, жаңа футбол маусымында сары-жасылдарға кубок сыйлады.
Барлығы сары-жасылдар жейдесінде 32 матч өткізіп, 7 гол соқты.

«Тобыл» футбол клубы Айбарға бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіріп, одан әрі мансабында табыс тілейді.

Қаңтар 23, 2023