
Түркиядағы ОЖЖ-да қостанайлықтардың алғашқы қарсыластары белгілі болды.
«Тобыл» спорт директоры Нұрбол Жұмасқалиевтің айтуынша, екінші жиында сары-жасылдар ауқымды жаттығу бағдарламасын орындап, алты бақылау матчын өткізеді. Бүгінгі таңда жоспарланған кездесулердің уақыты белгілі:
2 ақпан – «Динамо» ФК (Грузия);
5 ақпан – «Хельсингор» ФК (Дания);
9 ақпан – «Александрия» ФК (Украина).
Сондай-ақ, команда 13 ақпанда бір ойын және 18 ақпанда екі ойын өткізбек. Қарсыластар нақтылануда.
Айта кетейік, жоспарланған матчтардың уақыты ауысуы ықтимал.