Сербиялық қорғаушы маусымаралық кезеңде Қостанай клубына ауысқан екінші ойыншы болды.

Младович өзінің ойын мансабын Сербияда өткізді. «Trepсa» «Мокра Гора», «Телеоптик», «Бачка», «Индия», «Металац» және «Раднички» сияқты клубтарда өнер көрсетті. Ол «Тобылға» дейін «Младост Лучаниде» доп тепті.

Боян Младович – орталық қорғаушы, сонымен қатар сол қапталда да ойнай алады. Футболшының «Тобылмен» келісім-шарты бір жылға есептелген.

Туған күні: 16 қазан 1995

Бойы: 188 см

Салмағы: 81 кг

Позиция: қорғаушы

Азаматтығы: Сербия

Ақпан 3, 2023