
«Тобыл» жартылай қорғаушымен жыл соңына дейін еңбек келісімін жасады.
Ислам Чесноков – Өскемен футбол клубының тәрбиеленушісі. 2018 жылы жастар командасының құрамында өнер көрсете бастады. 2020 жылдың 15 қыркүйегінде «Тұранға» қарсы дебют жасады.
2021 жылдың сәуір айында Беларуссияның «Белшинасына» ауысты. 2022 жылдың 20 наурызында Могилев қаласының «Днепріне» қарсы ойында дебют жасады. Алғашқы голын 2022 жылы 21 мамырында «Ислочь» ұжымына қарсы ойында соқты. Маусым қорытындысы бойынша клуб үшін барлық турнирде 28 матч өткізді, онда 3 гол және 7 нәтижелі пас берді. Нәтижесінде клубқа Жоғары лигада қалуға көмектесті.
Туған күні: 21 қараша 1999
Бойы: 185 см
Салмағы: 76 келі
Позициясы: жартылай қорғаушы
Азаматтығы: Қазақстан