«Тобылдың» жаңа ойыншысы алғашқы сұхбатында өзінің Ресейдегі мансабы мен алаңдағы шебі туралы сөз етті. Үзінді келтірейік.

Оқу-жаттығу жиындары туралы

– Жиын әдеттегідей өтуде. Бір күнде екі рет жаттығамыз. Жолдастық матчтар ұйымдастырылған, біз үшін жақсы жағдай жасалған.

Таңдау неге «Тобылға» түсті?

– Қазақстанда қалғым келді. «Тобыл» – үнемі еурокубок жарысында ойнайтын, алдына жоғары мақсат қоя білетін ұжым.

«Зениттегі» 5 жыл

– «Зенитте» 5 жыл ойнадым. Алдымен академияда, кейін жастар құрамында болдым. Кейін негізгі құраммен жаттықтым. Командаға ілінгем жоқ.

Алаңдағы шебі

– Біраз уақыт шабуыл шебінде ойнадым. Кейінірек қорғанысқа қойып көрді. Маған қай шепте ойнасам да, ыңғайлы.

Адаптация туралы

– Командада бәрі жақсы. Ұйымдастыру жағынан алсақ, бұл да жоғары деңгейде. Соның арқасында адаптация жылдам әрі жеңіл өтуде. Жігіттерге мені жақсы қабылдағаны үшін алғыс айтамын!

 
Ақпан 5, 2023