«Тобыл» футбол клубы 28 жастағы қақпашымен еңбек келісімін жасады.

Футболшымен келісім-шарт маусымның соңына дейін жасалды. Иван – Мәскеудің «Спартак» командасының тәрбиеленушісі. 2013 жылғы маусымда «Амкар» жастар құрамы үшін 18 матч өткізді. Осыдан кейін ол «СКЧФ Севастополь» және «Астрахань» клубтарында мансабын жалғастырды. Келесі 1,5 жылды Сербия Суперлига ойнайтын «Раднички Ниш» сапында өткізсе, 2017 жылдың қыркүйегінде ол Беларуссияның «Торпедо-БелАЗ» клубына ауысты.

2018 жылы Қазанның «Рубиніне» келіп, сол маусымда Қазан командасының негізгі қақпашысы болды. Барлығы Ресей чемпионатында 20 матч өткізді. 2022 жылы Иван Шотландияның «Ливингстон» клубында өнер көрсетті.

Туған күні: 18 тамыз 1994
Бойы: 192 см
Салмағы: 87 кг
Азаматтығы: Ресей

Ақпан 9, 2023