Бүгін сары-жасылдардың құрамына 25 жастағы ресейлік қорғаушы қосылды.

Альберт Ардон қаласында (Солтүстік Осетия) дүниеге келген. Жергілікті «Юность» спорт мектебінің тәрбиеленушісі. Бірінші жаттықтырушы – Ахсар Годжиев.

«Тобыл» – Габараев мансабындағы жетінші кәсіби клуб. Альберт Қырым Республикасының Біріншілігінде, Армения мен Беларусь чемпионаттарында, Ресейдің Олимп-ПФЛ командаларында ойнады.
Бұған дейін «Родина» (Мәскеу) командасының намысын қорғады. Футболшымен келісім-шарт бір жылға жасалды.

Туған жылы: 28 қыркүйек 1997
Бойы: 189 см
Салмағы: 85 келі
Алаңдағы орны: қорғаушы
Азаматтығы: Ресей

Ақпан 10, 2023