
Сары-жасылдардың қорғаушысы баспасөз қызметіне берген сұхбатында мансабының басталуы, балалық шағының кумирі мен мақсаттары туралы айтты.
Мансабының басталуы туралы
– Бала кезден футболды жақсы көрдім, аулада көп ойнайтынбыз. Ата-анам мені туған қалам Косовска-Митровицадағы «Трепча» футбол клубына апарды, сол жерде мен футболдағы алғашқы қадамымды жасадым. Мен, барлық балалар сияқты, шабуылда ойнағанды және гол соғуды қалайтынмын. Бірақ кейінірек, ересек арасында ойнаған кезде, қорғаныс шебінің жаныма жақын екенін түсіндім. Соның нәтижесінде мен қазір «Тобыл» сияқты танымал клубқа ауысып, мансабымдағы ең үлкен қадамды жасадым.
Балалық шағының «батыры»
– Менің кумирім – «Миланның» символы, әйгілі итальяндық футболшы Пауло Мальдини. Мен оны әлемдік футболдағы ең үздік қорғаушылардың бірі деп санаймын. Мальдини асқан жылдамдықпен немесе ерекше физикалық күшке ие болмаса да, ол ойынды жақсы оқыды және доппен керемет жұмыс істей білді.
«Тобылдың» ОЖЖ туралы
– Дайындық жақсы жүріп жатыр. Мұнда ұйымдастыру жоғары деңгейде. Барлығы жоспарланған: тамаша қонақ үй, жайлы алаң. Ешқандай ақаулар, проблемалар жоқ. Бізге жаттықтырушылар штабының тапсырмасын ғана орындау қалды, ең бастысы осы.
Ұжым жақсы, жігіттердің барлығымен жақын танысып жатырмын, олар мені жақсы қабылдады. Осы үшін де рақмет!
Команданың мақсаттары туралы
– Маусымға келетін болсақ, әр матчта жеңіске жетуге тырысамыз. Мүмкін, әр ойында бұлай болмауы мүмкін, бірақ біз 100 пайыз барымызды саламыз.