
13 ақпанда «Тобыл» Ресейдің «Енисей» клубымен ойнайды. Қарсыласымыз туралы бірер дәйек.
Красноярсктің «Енисейі» 1937 жылы «Локомотив» деген атпен құрылған. «Енисейі» – екінші дивизион командалары арасындағы ел біріншілігінің аймақтық турнирлерінің бес дүркін жеңімпазы (1966, 1995, 1998, 2005 және 2010). Клуб 2016/2017 және 2017/2018 маусымдарында ең үлкен жетістікке қол жеткізді, маусым қорытындысы бойынша 3-ші орынға ие болды және РПЛ-ға шығу үшін өзара матчтарға қатысты. 2018 жылы «Енисей» жаңа маусымда Ресей Премьер-лигасына шығу жолында 6:4 есебімен «Анжиді» жеңді.
«Енисейдің» екі дербиі бар. Екеуі де – «Сибирь дербиі» деп аталады, бұл «Сибирь» (Новосибирск) және «Томь» (Томск) ФК.
Клуб түстері – қызыл және көк
2021/22 маусымда ФНЛ екінші дивизионына (бұрынғы ПФЛ чемпионаты) «Енисей-2» командасы қатысады
🎥Ресей клубына қарсы ойын 13 ақпанда Қостанай уақыты бойынша 20:30-да өтеді. Матчты «Тобылдың» ресми YouTube-арнасында көруге болады.