Футбол үйінде 2023 жылғы Қазақстан OLIMPBET-Кубогының жеребесі тартылды.

Бастапқы кезеңде Бірінші және Екінші лига өкілдері клубтардың рейтингісіндегі орындарға байланысты төрт себетке бөлінді. Жеребе қорытындысы бойынша келесі топтар құрылды:

«А» тобы: «Ақжайық», «Алтай», «Жас Қыран», «AKAS»
«В» тобы: «Тараз», «Жеңіс», «Арыс», «Елімай»
«С» тобы: «Қыран», «Оңтүстік академиясы», «SD Family», «Ұлытау»
«D» тобы: «Тұран», «Яссы», «Хан Тәңірі», «Жетісай».

Бастапқы кезеңнің плей-офф кезеңінде «А» тобының жеңімпазы «С» тобының жеңімпазымен кездеседі, ал «D» тобының жеңімпазы «В» тобының жеңімпазымен өзара бір жолдаманы сарапқа салады. Плей-офф кезеңінің екі жеңімпазы жарыстың негізгі кезеңіне өтіп, чемпионаттың 14 командасына қосылады.

Сонымен қатар OLIMPBET-Кубогының негізгі кезеңінің жеребесіде тартылды.

Жеребе тарту нәтижесі бойынша жарыстың 1/8 кезеңінде келесі жұптар қалыптасты:
«Астана» – «Қайсар»
«Каспий» – «D» тобының жеңімпазы/ «В» тобының жеңімпазы
«Ордабасы» – «Мақтаарал»
«Қызылжар» – «Жетісу»
«Шахтер» – «Оқжетпес»
«Тобыл» – «Ақсу»
«Ақтөбе» – «Атырау»
«Қайрат» – «А» тобының жеңімпазы/ «С» тобының жеңімпазы

Бастапқы кезеңнің күнтізбесі қосымша жарияланады.

OLIMPBET-Кубоктың 1/8 кезеңінен бастап қатысушылар өзара екі матч өткізеді. Жұптардағы алғашқы ойын рейтингте орны жоғары команданың алаңында өтеді.

Ақпан 13, 2023